1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен Еуразиялық банк МӘМС төлемдерін өткізу туралы клиенттерге push-хабарлама жіберу жөнінде келісімге келді. Осы мақсатта тараптар тиісті меморандумға қол қойды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің негізгі қағидаттарының бірі – жарналар мен аударымдарды тұрақты төлеу. Биыл Қор осы бағытта халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, 2 миллионнан астам адамды қамтыды. Сонымен қатар, Қор проактивті форматтағы өзара әрекеттестікті дамыту үшін жаңа цифрлық технологияларды енгізуге басымдық беріп отыр.

«Бірқатар маңызды шаралармен қатар, Қор push-хабарламалар жіберу сервисін әзірлеп болды. Оның басты мақсаты – азаматтарға МӘМС төлемдерін уақытылы жүргізбеген жағдайда алдын ала ескерту. Себебі төлем уақытында жасалмаса, сақтандырылған мәртебесінен айырылу қаупі туындайды. Яғни, қолданушы жарна төлеуді ұмытып кетсе, мобильді қосымша оған автоматты түрде хабарлама жібереді», – деп мәлімдеді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары Индира Саркенова.
Еуразиялық банк рush-хабарламаларды жіберу сервисіне қосылуға алғашқы болып ниет білдіріп, Қормен екіжақты келісімге қол қойды.

«Еуразиялық банк клиенттеріне әрдайым ыңғайлы әрі пайдалы цифрлық қызметтер ұсынуға тырысады. Біз бұл жобаның алғашқы қатысушыларының бірі болғанымызға қуаныштымыз. Енді біздің клиенттер сақтандырылған мәртебесі туралы және оны жоғалту қаупі жөнінде уақытылы хабарлама алатын болады», – деді Еуразиялық банк басқарушы директоры Әлішер Елюбаев.

Ақпараттық жүйелерді интеграциялау жұмыстары 2025 жылдың І тоқсанында аяқталады деп жоспарланған.
10.12.2024
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу